Ол бұл марапатты төртінші мәрте жеңіп алды

Танымал әнші Димаш Құдайберген төртінші мәрте «Халықтың сүйіктісі» премиясының иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды.

«Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды», - делінген Dimash.news хабарламасында.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.

Источник: https://azattyq-ruhy.kz/news/81452-dimash-ku-daibergen-khalyktyn-suiiktisi-atandy